USD
USD
USD

Үкімет ұлттық және аймақтық ЖОО-ды сатуға тыйым салды

Қазақстан үкіметі 19 қаңтардағы №24 қаулысымен иеліктен шығаруға жатпайтын мемлекеттік және квазимемлекеттік объектілердің тізілімін жаңартты.

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ
Фото: әл-Фараби атындағы ҚазҰУ

Астана, NEGE. Жаңа редакцияда жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының – ұлттық және өңірлік оқу орындарының акциялары бөлек көрсетілген. 

Атап айтқанда коммерциялық емес акционерлік қоғам форматында жұмыс істейтін жоғары оқу орындарын иеліктен шығаруға тыйым салынған.

Тізілімде ұлттық, педагогикалық, техникалық, медициналық және аймақтық университеттер бар:

  • «Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетi» коммерциялық емес акционерлік қоғамы;
  • «Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы;
  • «Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетi» коммерциялық емес акционерлік қоғамы;
  • «Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы;
  • «Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы;
  • «Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетi» коммерциялық емес акционерлік қоғамы;
  •  «С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы және т.б. оқу орындары бар.

Қаулы 22 қаңтардан бастап күшіне енеді.

Қазір оқып жатыр

БҚО-да тазалық талаптарын бұзғандарға қатысты 7 мыңға жуық әкімшілік іс тіркелді

БҚО "Таза Қазақстан"

Маңғыстау облысында тағы бір әскери қызметші қаза тапқаны рас па?

сот үкімі

Үндістанда кәмелетке толмаған спортшының арызынан кейін қазақстандық жаттықтырушы іздестірілуде

Мақсат Аязбаев

«Әрбір сарбаз өзін қауіпсіз сезінуі керек»: Қорғаныс министрлігінің жаңа басшысы алғашқы кеңесте не айтты?

Қорғаныс министрі Айдос Мырзахметов