USD
USD
USD

Үкімет тәртіп бұзушылықты тіркейтін камералардың санын арттырады

Үкімет басшысы отырыс барысында қала сыртындағы жолдардағы мобильді байланыстың нашарлығы мәселесін көтерді.

Жолдағы камера
Фото: ғаламтордан

Алматы, NEGE. Атап айтқанда, «Қарағанды – Алматы» автожолында үш облыстың аумағы бойынша жалпы 500 км учаскеде мобильді байланыс жоқ. ЖКО кезінде зардап шеккендердің шұғыл көмек қызметтерін шақырта алмайды. Осыған байланысты қала сыртындағы автожолдарды мобильді байланыспен қамту қарқынын жеделдету қажет.

«Жолдағы қауіпсіздікті бақылау үшін бейнекамералар мен басқа да техникалық құралдар жетіспейді. Кей жерлерде олар мүлдем жұмыс істемейді. Жол қауіпсіздігіне қатысты жағдай халықтың орынды наразылығын тудырады. Тек биылғы жылдың басынан бері азаматтарымыздан жол қозғалысына қатысты 50 мыңнан астам шағым келіп түсті. Өңір әкімдіктері елді мекендердегі құқық бұзушылықты тіркейтін камералар санын көбейтуі қажет. Республикалық маңызы бар автожолдарда аппараттық-бағдарламалық кешендерді белсенді түрде пайдалану керек», — деп тапсырды Премьер-Министр.

Қазір оқып жатыр

Оңтүстік Кореяда Alatau City-де ірі жобаларды іске асыру мүмкіндігі талқыланды

Alatau City бойынша келіссөздер

«Біз одан шарап ішеміз»: Кенесарының бас сүйегі туралы айтқан қырғыз студенттері кешірім сұрады

Қырғызстандық студенттер

Жанжал кезінде газ тапаншасынан оқ атқан Астана тұрғыны 5 жылға сотталды

тапанша

Іле-Балқаш резерватына бір үйір құлан жіберілді

Іле-Балқаш резерватына жіберілген құландар