Үкімет ресурстарды шын мәнінде көмекке мұқтаж жандар арасында қайта бөледі – Бектенов

AMANAT партиясы фракциясының кеңейтілген отырысында сөйлеген сөзінде Премьер-министр Олжас Бектенов Үкімет пен әкімдер жұмысының тиімділігі, ең алдымен, азаматтардың өмір сүру сапасын жақсарту бойынша бағаланатынын атап өтті.
Алматы, NEGE. «Бүгінгі таңда барлық әлеуметтік міндеттемелер толық көлемде орындалуда. Келесі жылы әлеуметтік қажеттіліктерге бөлінетін шығыстардың пайыздық арақатынасын оңтайландыру жүргізіледі. Қаражатты теңгерімді жұмсау мақсатында мемлекеттік қолдау шараларының бірыңғай цифрлық платформасы әзірленді. Негізгі мақсат – ресурстарды шын мәнінде көмекке мұқтаж жандардың пайдасына қайта бөлу. Мемлекет басшысы атап өткендей, біз масылдық психологияға тосқауыл қоюымыз керек. Цифрландырудың арқасында біз табысы жоғары отбасыларға көрсетілетін мемлекеттік қолдау шараларын тоқтатып, бұл қаражатты қиын жағдайға тап болған адамдарға бағыттауды жоспарлап отырмыз», — деп атап өтті Премьер-министр.
Қазіргі уақытта скоринг жүйесін сынақтан өткізу үшін Шымкент қаласы мен Қарағанды облысында пилоттық жоба жүргізілуде. Келесі кезеңде оны барлық өңірлерге кеңінен тарататын боламыз.