USD
USD
USD

Үкімет курьерлер мен таксишілерге төленетін әлеуметтік төлемдер мәселесін шешу жолын іздестіруде

Үкіметте цифрлық платформалар арқылы істейтін өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтарға әлеуметтік төлем төлеуде кездесетін мәселелер талқыланды.

Курьер
Фото: pixabay.com

Астана, NEGE. Қаңтар айынан бастап мұндай платформалар салық агенттері болып саналады. Алғашқы үш айда олар шамамен 700 млн теңге көлемінде әлеуметтік төлем аударған. Алайда жеңілдік санаттарына (зейнеткерлер және басқалар) қатысты мәліметтердің уақытында жаңартылмауына байланысты қаражатты жаппай қайтару жағдайлары туындаған.

Соның салдарынан төлем жүргізілгеніне қарамастан, жүйеде көптеген өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтардың қарыз екені көрсетілген.

Жиынға қатысушылар төлем жасау кезінде жеңілдік мәртебесін автоматты түрде ескеруді, сондай-ақ табысты растау рәсімін жеңілдетуді ұсынды. Өйткені жүздеген мың орындаушы үшін орындалған жұмыстар актілерін талап ету іс жүзінде мүмкін емес екені айтылды.

Премьер-министрдің орынбасары Серік Жұманғарин жауапты министрліктер мен Мемлекеттік кірістер комитетіне негізсіз өсімпұлдарды жоюды қоса алғанда, бұл мәселені қысқа мерзімде шешу жолдарын әзірлеуді тапсырды.

Қазір оқып жатыр

Қазақстанда төрт фармацевтикалық компания қолдан жасалған, қауіпті дәрілер сатып келген

Контрабанда

Алматы облысында полиция қызметкерінің жанып жатқан мәйіті табылды

Алматы қалалық полиция департаменті

Қазақстанда зейнетақы жүйесі қалай өзгермек?

Зейнетақы, ақша, есеп

Әскерден мүгедек боп оралған Ербаян Мұхтар қайтыс болды: ДСМ мән-жайды түсіндірді

Ербаян Мұхтар