USD
USD
USD

Үкімет қосылған құны жоғары өнім өндіру жөніндегі жобаларға инвестиция тарту шараларын әзірлейді

Үкімет қосылған құны жоғары өнім өндіру жөніндегі жобаларға инвестиция тарту шараларын әзірлейді, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметі. 

Ққс
Фото: gov.kz

Астана, NEGE. Президенттің 2025 жылғы Жолдауын жүзеге асыру жөніндегі шаралар қаралған Үкімет отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов өңдеу өнеркәсібіне инвестиция тарту жұмыстарына ерекше назар аударды.

«Терең өңделген, жоғары технологиялық өнімдер өндірісін қолдау үшін жаңа тәсілдер мен ынталандыру шараларын қарастырған жөн. Ұлттық экономика министрлігі екі апта мерзімде салалық мемлекеттік органдармен бірлесіп, қосылған құны жоғары өнім өндіру жөніндегі жобаларға инвестиция тарту шараларын әзірлесін. Қажет болса, преференциялардың жаңа түрлерін қарастырсын»,

— деп тапсырды Олжас Бектенов.

Қазір оқып жатыр

Атырау облысында ірі қара мал қырылып жатыр: шаруалар дабыл қақты

Ірі қара қырылуы

Қостанайда 5 жасар баланы өлтірді деген күдікпен ер адам ұсталды

Бала

Қайрат Сатыбалдының мемлекетке сыйға тартқан қонақүйі үш есе арзанға сатылды

DoubleTree by Hilton

Ресейлік сарапшылар мен дипломаттар Тоқаевтың Жолдауын талқылады

.