USD
USD
USD

Үкімет «Қазақстан балалары» бағдарламасын дайындап жатыр

Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев Үкімет отырысында балалардың құқықтарын қорғауға және қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған шаралар кешенін жүзеге асыру туралы баяндады.

Мектеп
Фото: gov.kz

Алматы, NEGE. Былтыр тестілеу кезеңінде тиімділігін дәлелдеген Kiva және «ДосболLIKE» буллингке қарсы бағдарламалары қыркүйектен бастап барлық мектептерде енгізіледі.

Қазір салалық ведомстволармен бірлесіп жеті негізгі бағытты қамтитын «Қазақстан балалары» бірыңғай бағдарламасының жобасы дайындалуда. Ол бала құқықтарын кешенді қорғау жөніндегі негізгі құжатқа айналады.

Сондай-ақ 100 адамнан асатын барлық білім беру ұйымдары қауіпсіздік жүйелерімен толық жабдықталуы тиіс. Министр әкімдіктерді жабдықтарды орнатуды жеделдетуге және олардың үздіксіз жұмысын қамтамасыз етуге шақырды.

«Жаңа талаптарды ескере отырып, бүгінде білім беру ұйымдарының 98% – турникеттер орнатылды, 97% – лицензияланған күзетпен шарттар жасалды, 96%-ы дабыл түймелерімен жабдықталды, ал 81%-ы полицияның жедел орталықтарына қосылды»,

— деп толықтырды Ғани Бейсембаев.

Қазір оқып жатыр

Путиннен Қазақстанға әскер кіргізуді сұраған әйелді ҰҚК ұстады

ҰҚК

Тоқаевтың сынынан кейін «Самұрық-Энерго» басшысы қызметінен кетті

Қайрат Мақсұтов

Ерекше балалар үшін ата-аналар амалсыз ауылдан көшеді – Аймағамбетов

Ерекше балаларға арналған орталық

Genesis көліктерінен өрт шығу қаупі: Қазақстанға қатысы бар ма?

Astana Motors