USD
USD
USD

Үкімет ERG-дегі үлесін арттыруды жоспарлап отырған жоқ

Вице-премьер – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин Үкіметтің ERG-дегі үлесін арттыру жоспарда жоқ екенін мәлімдеді.

ERG
Фото: ERG

Астана, NEGE. Бұл туралы вице-премьер Парламент палаталарының бірлескен отырысынан кейін журналистердің сұрағына жауап беру барысында айтты.

«Үкіметтің ондағы үлесі шамамен 40%. Қазіргі таңда бұл үлесті арттыру жоспарда жоқ», – деді ол Үкімет кулуарында.

Сондай-ақ Жұманғарин компанияның жекеменшік акционерлері арасында қандай да бір келіспеушіліктер бар екенінен бейхабар екенін жеткізді.

Бұған дейін Financial Times басылымы Президент әкімшілігінің басшысы Роман Скляр ERG холдингінің бас директоры болуы мүмкін екенін жазған еді.

Қазір Роман Скляр мен қаржы министрі Мәди Такиев Үкімет өкілдері ретінде ERG директорлар кеңесінің құрамына кіреді.

ERG акцияларының 40%-ы мемлекетке тиесілі. Александр Машкевичтің мұрагерлері мен Ибрагимовтар отбасына – 20,7%-дан, ал Патох Шодиевке 18,6% үлес тиесілі.

Қазір оқып жатыр

Ақкенженов: «ЖЭО-лар қысқы жүктемеге шыдайды»

Жылу электр орталығы

Қазақстанда бензин бағасы 300 теңгеден асуы мүмкін бе: министр болжамға пікір білдірді

Бензин, дизель

Министр Ақтаудағы жарықтың өшуінен зардап шеккен тұрғындарға қатысты пікір білдірді

Ақтау

Айлығы – 1,2 млн теңге, коммуналдық төлемі – 75 мың: Ақкенженов табысын жариялады

Ерлан Ақкенженов