USD
USD
USD

Үкімет «Бәйтерек» холдингінің капиталын 1 трлн теңгеге ұлғайтады

ҚР Премьер-министрінің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин Үкімет отырысында биыл экономикалық өсу қарқынын арттыру бойынша жоспарланған шаралар туралы баяндады.

Холдинг
Фото: ғаламтордан

Алматы, NEGE. Ол бұл үшін Үкімет осы жылы және одан кейінгі жылдары экономиканың нақты секторын қаржыландыруды едәуір арттыруды қамтамасыз ететінін атап өтті.

Атап айтқанда, Үкімет «Бәйтерек» холдингінің капиталын 1 трлн теңгеге ұлғайтады, бұл өз кезегінде холдингке 2025 жылы 8 трлн теңгеге жобаларды қаржыландыруға мүмкіндік береді.

«Аталған инвестициялар елімізде жаңа жобаларды құруға бағытталатын болады, бұл өңдеу өнеркәсібінің өндіріс қуатын ұлғайтып, өнімділігі жоғары жаңа жұмыс орындары ашуға мүмкіндік береді», – деді Серік Жұманғарин.

Спикер «Бәйтерек» тарапынан бизнесті қолдау үшін қаржыландыру көлемін ұлғайтудан бөлек, қаржыландырудың жаңа құралдары енгізілетінін түсіндірді.

Қазір оқып жатыр

Ақтөбе облысында тоғыз күн ішінде «Қазхромның» екінші жұмысшысы қаза тапты

ТЖ

«Самұрық-Энерго» компаниясының жаңа басшысы тағайындалды

Аңсар Айдаров

Ержан Бабақұмаров туралы естелік кітап жарық көрді

Ержан Бабақұмаров

Алматыда ауруханалардың қарызы үш есеге жуық өскен

Ақмарал Әлназарова