USD
USD
USD

Үкімет басшысы автокөлікті техникалық байқаудан өткізу сапасын тиімді бақылаудың жаңа тетіктерін әзірлеуді тапсырды

Президент Жолдауын іске асыру мәселесі бойынша Үкімет отырысы барысында қоғамдық қауіпсіздік мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Техбайқау
Фото: ғаламтордан

Алматы, NEGE. Қылмыс, атап айтқанда, алаяқтық, нашақорлық мәселелері өзектендірілді.

Ішкі істер министрлігі алдына мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, 2 ай мерзімде қылмыспен, оның ішінде алаяқтықпен күрес бойынша қосымша шаралар кешенін әзірлеу міндеті қойылды. Сондай-ақ есірткі қылмысына қарасы іс-қимыл және нашақорлықтың профилактикасы жөніндегі түзетулерді көздейтін заң жобасын ілгерілету жұмысын жандандыруы қажет.

Мемлекет басшысының Жолдауында айтылған тағы бір міндет – жол-көлік оқиғалары санын азайту. 

«Көлік министрлігіне зияткерлік жүйелерді енгізе отырып, қауіпсіз жол инфрақұрылымын құруды қамтамасыз етуді, сондай-ақ биылғы жылдың соңына дейін автокөлікті техникалық байқаудан өткізу сапасын тиімді бақылаудың жаңа тетіктерін әзірлеуді тапсырамын», - деді Үкімет басшысы. 

Қазір оқып жатыр

Бұрын істі болған экс-депутат Жұманғариннің штаттан тыс кеңесшісі болды

Болатбек Әлиев

Ақтаудағы нөсерден кейін әкімдік мердігерді сынға алды

Ақтау

Шымкентте қос мереке: «Ордабасы» ел чемпионы әрі кубок иегері атанды

Ордабасы

Әзілкеш Данияр Жұмәділов «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды

daniyar_dzhumadilov/Instagram