USD
USD
USD

Үкімет «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасына 60,3 млрд теңге бөлді

Үкімет отырысы барысында Премьер-Министр Олжас Бектенов «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасын сапалы іске асыру – алда тұрған басты міндеттердің біріі екенін атап өтті.

Үкімет
Фото: Үкімет

Алматы, NEGE. Ауылдық жерлерде жаңа медициналық ұйымдарды салу, жұмыс істеп тұрған облыстық ауруханаларды жөндеу және кадр мәселесі – шешуді қажет ететін негізгі мәселелер. Үкімет басшысы құрылысы биылға жоспарланған нысанның жобалау-сметалық құжаттарының барлығына мемлекеттік сараптама қорытындысын беру толығымен аяқталғанын атап өтті. Мердігерлер анықталды, құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілуде.

«Үкімет Ұлттық жобаны іске асыруға 60,3 млрд теңге бөлді. Оның 21 млрд теңгеден астам бөлігін өңірлер алып үлгерді. Қазір қалған нысандарды қаржыландыру мәселесі пысықталуда», – деді Олжас Бектенов.

Олжас Бектенов суық ауа райының басталуына байланысты құрылыс маусымының жақын арада аяқталуына өңір әкімдерінің назарын аударды. Премьер-Министр «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясындағы жұмыстарды жандандыруды тапсырды. 

«Барлық нысандар белгіленген мерзімде пайдалануға берілуі тиіс. Бұл ретте құрылыс жұмыстарының нормативтік талаптарының сақталуын да қамтамасыз ету керек. Сонымен қатар көпсалалы орталық аудандық ауруханаларды күрделі жөндеу және реконструкциялау жұмыстарын да жандандыру қажет. Сондай-ақ қажетті медициналық жабдықтардың көлемін де айқындап алу керек», – деді Үкімет басшысы.

Әкімдіктерге барлық жоспарланған нысандардың уақтылы әрі сапалы іске қосылуын қамтамасыз ету жөнінде, Денсаулық сақтау, Қаржы министрліктеріне қалған жобаларды қаржыландыру мәселесін шешу бойынша шұғыл шаралар қабылдау жөнінде, сондай-ақ Денсаулық сақтау министрлігіне тұрақты негізде нысандарды аралай отырып, құрылыс жұмыстары аяқталғанша мониторинг жүргізу жөнінде тапсырмалар берілді.

Қазір оқып жатыр

Астанада балалар ауруханасында жұмыс істеген медбикеден туберкулез анықталды

аурухана

Тоқаев Қытайдағы шахта апатына байланысты Си Цзиньпинге көңіл айтты

Қытай

Шодиев пен Машкевич мұрагерлерінің ERG-дегі үлесін Мүтәліптің компаниясы сатып алды

ERG

Қытайдағы шахта апаты: 82 адам қаза тапты

Кенші