Үкімет Астананың жылу маусымына дайындығын тексерді
Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр Астанадағы энергетикалық нысандарының жылу беру маусымына дайындығын тексеріп шықты, деп хабарлады primeminister.kz
Алматы, NEGE. Бүгінде ЖЭО–2 қаладағы ең үлкен жылу және электр энергиясы көзі болып саналады. Онда 8 энергетикалық қазандық, 6 ыстық су қазандығы мен 6 турбоагрегат бар.
Биыл станса жабдықтарын күрделі және ағымдағы жөндеуден өткізуге 7,3 млрд теңгеден астам қаржы, сондай-ақ инвестициялық бағдарлама бойынша 9,6 млрд теңге бөлінді. Бұдан бөлек тағы бірқатар нысандарға қыруар қаражат жұмсалды. Олар:
ЖЭО –1-ді күрделі және ағымдағы жөндеуге - 1,4 млрд теңгеден астам қаражат.
"Тұран" ГЖС жылу тарату желілерін салуға - 18,8 млрд тенге;.
"Арай" қосалқы стансасының құрылысы;
"Тельман" ГЖС құрылысына – 76,8 млрд теңге.
Тексеру қорытындысы бойынша Роман Скляр барлық жөндеу-құрылыс жұмысын уақтылы аяқтаудың, сондай-ақ елорда тұрғындарын жылумен сенімді және үздіксіз қамтамасыз етудің маңыздылығын атап өтті.
Қазір оқып жатыр
Абай облысында жүргізуші куәлігін алуға көмектескен лауазымды тұлғалар ұсталды
30 маусымда қос Палатаның бірлескен қорытынды отырысы өтеді
«Van Cleef алқасын, Dior сөмкесін пара ретінде алған»: Кореяның экс-бірінші ханымы тағы 7 жыл арқалады
Бейбіт Құсайынов: Қазақстанда екінші орын алсаң, «бірінші орын алдым» деп есептей беруге болады