27 Тамыз 11:23
...

Үкімет АЭС салу бойынша референдум өткізу туралы жобаны мақұлдады

АЭС
Фото: ғаламтордан

Премьер-Министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен ғалымдар мен сарапшылар қауымдастығының қатысуымен өткен Үкімет отырысында Қазақстандағы атом энергетикасын дамыту перспективалары қаралды.

Алматы, NEGE.  Мәселені талқылау қорытындысы бойынша энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев «Республикалық референдум өткізу туралы» ҚР Президенті Жарлығының жобасы туралы» Үкімет қаулысының жобасын қарауға енгізуге ұсыныс жасады.

Премьер-Министр Олжас Бектенов Қазақстанда атом энергетикасын дамыту мәселесі көптен бері көтеріліп келе жатқанын және бұл саланың келешегі зор екенін атап өтті. Бүгінде елімізде ядролық отын өндірісі толықтай дерлік игерілген, шағын реакторларды пайдалану тәжірибесі жинақталды. Бұл бағытта мамандар мен ғалымдарымыз да бар. Кадр даярлауға да көңіл бөлініп келеді.

Үкімет басшысы атом энергетикасын дамытудың келесі кезеңіне көшу дұрыс қадам екенін атап өтті. Бұл, әсіресе, еліміздің энергетикалық инфрақұрылымына жүктеме артып отырған бүгінгідей жағдайда бұл мәселенің маңызы айрықша. Біз қазірдің өзінде энергетикалық қуат тапшылығын тартып отырмыз.

«Сонымен қатар шикізат базасы өзімізде, яғни уран бағасының ауытқуы бізге әсерін тигізбейді. Бұл электр энергиясына тұрақты әрі болжамды тарифтерді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Біздің еліміз сияқты ең көп энергия пайдаланатын экономиканы дамытуға дәл осы атом энергетикасы негіз болып, халықтың тұрмыс деңгейін одан әрі арттыруға мүмкіндік беруге тиіс. Әлемдік тәжірибе көрсетіп отырғандай, атом энергетикасы экономиканың көптеген салаларында инновацияларды қолдануға ынталандырады. Әрі отандық өнеркәсіптің дамуына да үлкен серпін береді. Сондықтан біз өзімізде баламасы жоқ тұрақты және сенімді энергия көзінен тыс қала алмаймыз», — деген Олжас Бектенов отырысқа қатысушыларға Үкімет қаулысының жобасына дауыс беруді ұсынды. Құжат бірауыздан қолдау тапты.

Отырыс қорытындысы бойынша Үкімет басшысы Энергетика министрлігіне Үкімет Аппаратымен бірлесіп Президент Әкімшілігіне Жарлық жобасын енгізуді тапсырды.