USD
USD
USD

ҰҚК-нің бұрынғы қызметкері жеті жылға сотталды

Ұлттық қауіпсіздік комитеті мемлекеттік құпияны жария ету, тыңшылық және мемлекеттік опасыздық жасау фактілері бойынша сот үкімі шыққанын хабарлады.

ҰҚК-нің бұрынғы қызметкері жеті жылға сотталды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Қауіпсіздік кеңесі хатшысының бұрынғы бірінші орынбасары М. Шайхутдиновты мемлекеттік құпияны жариялағаны үшін кінәлі деп танып, 7 жылға бас бостандығынан айырды.

Оған өмір бойына мемлекеттік қызметте жұмыс істеуге тыйым салынды.

Бұдан бөлек, осы қылмыстық іске қатысы бар Л.Скаковскийдің (Қылмыстық кодекстің 175-бабы 1-бөлігі – мемлекетке опасыздық жасау) және О.Жданның (Қылмыстық кодекстің 176-бабы – тыңшылық жасау) кінәсі толық дәлелденді. Біреуі 11 жыл 3 айға, ал екіншісі 11 жылға бас бостандығынан айырылды.

Қазір оқып жатыр

Әзілкеш Данияр Жұмәділов «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды

daniyar_dzhumadilov/Instagram

Меладзенің Алматыдағы концертінде шу шығарған әйелдер жазаланды

.

Семейде жүріп бара жатқан жолаушылар автобусы өртенді

өрт

Alatau City жобасына Еуропа елдерінен инвесторлар тартылмақ

Делегация Алатау сити