USD
USD
USD

«ҰҚК төрағасы ауысады»

Таратқан деректерінің мазмұнына қарап, жұрт «Антикордың арнасы» атап кеткен Чиновник.kz телеграм-каналында бүгін «Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы ауысуы мүмкін» деген қысқа ақпарат жылт етті.

«ҰҚК төрағасы ауысады»
Фото: NEGE.kz

Нұр-Сұлтан, NEGE. «ҚР Президентінің әкімшілігі Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасын ауыстыру мәселесін қарастырып жатыр», – деп жазды телеграм-канал.

Бұл күштік құрылымдар арасындағы қақтығыстың жалғасы ма, әлде Президент әкімшілігі бес жылдан бері ҰҚК-ге табан аудармастан төрағалық еткен К.Мәсімовті ауыстыруды шынымен де көздеп отыр ма, ол жағы әзірге белгісіз.

Телеграм-канал таратқан ақпарат

Естеріңізге сала кетейік, 1991 жылдан бастап билік тепкішегіндегі ең жоғарғы лауазымды қызметтерінің бәрін атқарған Кәрім Мәсімов Ұлттық қауіпсіздік комитетін 2016 жылдың қыркүйегінен бері басқарады.

Тілшіміз ҰҚК-нің баспасөз қызметіне хабарласып, ақпараттың анық-қанығын сұрады. Баспасөз қызметінің өкілі былай деп жауап берді: «Телеграм-каналды көрдім. Егер жауап алғыларыңыз келсе, ресми сауал жолдаңыздар».

Тілшінің: «ҰҚК төрағасы қазір қайда?», – деген нақтылау сұрағына: «Ол кісі қазір осында, жұмыста», – деген жауап алдық.

«Жақында ҰҚК төрағасы ауысуы мүмкін бе? Мұндай әңгіме қайдан шықты?», – деген сұраққа толық жауап алу үшін ҰҚК төрағасы Кәрім Қажымқанұлының атына ресми сауал жолдаймыз.  

Қазір оқып жатыр

Ақтөбеде Жеңіс күніне арналған еске алу шаралары өтті

.

Тоқаев Мәскеудегі Жеңіс күніне арналған әскери шеруге қатысты

.

Қонаевта Жеңіс күніне орай боздақтар рухына тағзым жасалды

.

Астанадағы плац-концертте «Арланнан» түтін шықты

.