USD
USD
USD

ҰҚК терроризмге қарсы арнайы операция нәтижесі туралы мәлімет берді

 Бұл туралы ҚР ҰҚК баспасөз қызметі хабарлады.

ҰҚК терроризмге қарсы арнайы операция нәтижесі туралы мәлімет берді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Шекара қызметінің аумақтық бөлімшелері терроризмге қарсы операциялар басталғалы дербес, сондай-ақ құқық қорғау органдарымен бірлескен топтар құрамында қоғамға қарсы акцияларға қатысу күдігі бойынша 366 адамды құрықтады, олардың алтауы қарсылық көрсету кезінде жарақат алды.   Қылмыскерлерді қолға түсіру кезінде: 30 бірлік қару (тегіс ұңғылы - 22, карабиндер - 3, пистолеттер - 5), 245 бірлік оқ-дәрі, 2 бірлік суық қару; 8 радиостанция, 4 бронежилет тәркіленді.

Ұсталғандардан 200-ден астам ұялы телефон, сандық техника (планшеттер, ноутбуктер), халық тұтынатын тауарлар (15 қорап парфюмерия, 267 бөтелке спирттік ішімдіктер) және қомақты қаржы сомасы тәркіленді. Сондай-ақ, күдіктілер тізгіндеген 29 автокөлік, діни әдебиеттер мен заңсыз митингтерді ұйымдастыру тәртібі бойынша әдістемелік құралдар алынды. Шекара қызметінің бөлімшелері тұрақты жауынгерлік әзірлікте, шекара күзеті күшейтілген режимде жүзеге асырылуда.  

Қазір оқып жатыр

100 млн теңге пара алғаны үшін бұрынғы шенеунік сотталды

Парақор шенеунік

Маңғыстаудағы сарбаздар қазасы бойынша 300-ден астам адамнан жауап алынды – Бас прокуратура

Әскерилер өлімі

Қостанайда қарт кісіні өлтірді деген күдікпен жасөспірім ұсталды

Күдікті пен полицей

Китана «Бүркіт» арнайы жасағына қабылданған алғашқы жауынгер қыз атанды

Китана – Қымбат