ҰҚК шетелден келген 50 адамды іздестіріп жатыр
Полиция ҰҚК-мен бірігіп, Қазақстанға шетелден келген 50 адамды іздестіріп жатыр. Олар коронавирус жұқтырғандармен байланысты болған. Бұл туралы Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тілеухан Әбілдаев айтты.
Алматы, NEGE. "Шетелден 24 ақпан мен 13 наурыз аралығында елге келгендердің саны Алматыда 11 340 болды. Медициналық мамандардың бақылауда 10 852 адам бар, бұл 95,7 пайыз. Тізім нақтыланып жатыр. Табылмағандардың мәоіметі көші-қон қызметіне, Полиция департаментіне, ал шетелдіктердің деректері ҰҚК-ға қосымша берілді", - деді Әбілдаев.
Қазіргі уақытта төрт қазақстандықтың коронавирус жұқтырғаны белгілі. Екеуі Алматыда ауруханаға жатқызылған, олар Германиядан 9 және 12 наурыз күндері келген. Бір науқас 12 наурызда Италиядан келген. Тағы бір қазақстандық Германияда ауруханаға жатқызылған.
Қазір оқып жатыр
Оқу-ағарту министрлігі 2026-2027 оқу жылындағы каникулдар кестесін бекітті
700 метр тереңдіктегі кездесу: «Әділет» партиясының өкілдер шахтерлармен не талқылады?
«Әділет» партиясының сайлауалды штабы Қарағандының ғылыми қауымдастығымен кездесті
Ұлттың өркендеуі жеке бастың мәдениетімен тікелей байланысты – Ерлан Қарин