USD
USD
USD

ҰҚК Шекара қызметі киік мүйізін тасымалдаған 5 адамды ұстады

2022 жылғы 10 қарашада жедел ақпаратты іске асыру нәтижесінде ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті полиция органдарымен бірлесіп «Бүркіт» арнайы бөлімшесінің қызметкерлерін тарта отырып, Қазақстан Республикасының бес азаматын ұстады.

ҰҚК Шекара қызметі киік мүйізін тасымалдаған 5 адамды ұстады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Олардың көлігін тінту барысында жалпы салмағы 100 кг-нан асатын 983 киік мүйізі табылды. Ұсталған адамдар жақын шетелге жөнелте отырып, дериваттармен сауда жасады деп күдіктенеді.

Аталған факт бойынша ҚР ҚК-нің 339-бабы бойынша (Өсімдіктердің немесе жануарлардың сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған түрлерімен, олардың бөліктерімен немесе дериваттарымен заңсыз айналысу) сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

Қазір оқып жатыр

«Мені қатты сөкпеңіз»: Бибісара Асаубаева қазақша үйреніп жүр

.

«Ақ жол» Respublica-ға: Біз беделді сөзбен емес, іспен жинадық

.

Елордадағы Бас мешіт енді «Нұрсұлтан мешіті» деп аталады

.

Ақтөбеде белгілі тұлғаларға тиесілі бірегей домбыралар таныстырылды

.