Референдум Референдум
USD
USD
USD

ҰҚК «Олимптің» үстінен іс қозғады

«Қазақстан Республикасы Ұлттық Қауіпсіздік Комитеті «Олимп» букмекерлік конторының жұмысын тоқтатқаны жөнінде мәлімдеме жасады», деп хабарлайды Tengrinews.kz ақпараттық сайты ҚР ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ҰҚК «Олимптің» үстінен іс қозғады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Алматы қаласы бойынша ҰҚК Басқармасы прокуратура органдары қызметімен бірлесе отырып соталды тергеу шаралары аясында заңсыз ойын бизнесімен айналысып келген «Олимп» букмекерлік конторының әкімшілік кеңсесіне тексеріс жүргізді. Тергеу барысында аталмыш компания Қазақстан Республикасының нақты заңнамаларын өрескел бұза отырып, интернет ресурстары арқылы салықтан жалтарған және заңсыз табыс табу мақсатында рұқсат етілмеген ойын бизнесімен айналысқан.

«Қазақстаннан тысқары заңсыз қаржы шығару әрекеті анықталып, жолы кесілген және қаржы саласында осы тақылеттес қылмыстар тіркелген. 2019 жылдың 29 қарашасында Алматы қаласы мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының шешімімен «Олимп» букмекерлік конторына Only bet ЖШС мен Alpha bet ЖШС берген лицензияны алты айға күшін жою үкімі шығарылды», – дейді құзырлы орган көрсеткен мәліметте. Сонымен қатар, ҰҚК-де қазір «Олимп» букмекерлік конторына қатысты салық заңнамасын бұзғандығын және заңға қайшы әрекеттерін анықтау шарасы тексеріліп жатқанын мәлімдеді.

Қазір оқып жатыр

Астанада LRT жолақысы қанша теңге болуы мүмкін?

LRT

Шелдон Купердің рөлінде ойнаған америкалық актер қазақша ән салып берді

Иэн Армитидж

Қарашығанақ операторы 2 млрд теңге экологиялық айыппұл төледі

Қарашығанақ кен орны

«Көктемді жолға салып жіберіңіздер»: елші қызылордалықтарға әзілмен өтініш айтты

Михал Лабенда