USD
USD
USD

ҰҚК Мемлекеттік шекарада шетел азаматының көлігінен есірткінің ірі партиясын тапты

Ұлттық қауіпсіздік комитеті есірткі заттарының ірі партиясын Қазақстан Республикасына кіргізу әрекетінің жолын кесті.

ҰҚК Мемлекеттік шекарада шетел азаматының көлігінен есірткінің ірі партиясын тапты
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. 2023 жылғы 6 наурызда Түркістан облысы Сарыағаш ауданы аумағының «Жібек жолы» өткізу пунктінде шекара наряды шетелдіктің басқаруындағы автокөлікті тоқтатты.

Аталған көлікті тексеру барысында жанармай құятын бөлігінде жасырылған 14 келіге жуық есірткі және психотроптық заттар табылды. Оның ішінде 5 келі 290 грамм героин, 792 грамм апиын және 5 келі 335 грамм гашиш, сонымен қатар 1 келі 962 грамм синтетикалық есірткі.

Аталған факт бойынша материал ҚР ҚК 297-бабының 3-тармағы бойынша Сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Өзге ақпарат тергеу мүддесінде ҚР ҚК 201-бабына сәйкес жария етуге жатпайды.

Қазір оқып жатыр

Трамптың ұлы мен мен Кремльге жақын кәсіпкер Қазақстанда кездесіп, іскерлік келіссөз жүргізген болуы мүмкін – БАҚ

Умар Кремлев, кіші Трамп

Face ID жүйесіне қарсы шыққандарды полиция алып кеткен: басқарма не дейді?

Face ID

Тоқаевтың кітабы әлеуметтік желілерде қызу талқы тудырды: қазақстандықтар не дейді?

Кітап

Жетісу облысында оқушы қызды экскаватор қағып кетті

Эксковатор дөңгелегі