USD
USD
USD

ҰҚК қызметкерлері 100 келіден аса героин тәркіледі

Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті Қырғызстан Республикасының Ішкі істер министірлігімен бірге бірнеше сатылы арнайы операцияның нәтижесінде ауыр есірткілерді контрабандалық жолмен әкелудің тұрақты арнасының жолын кесті. 

ҰҚК қызметкерлері 100 келіден аса героин тәркіледі
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. ҰҚК жедел қызметкерлері жедел зерделеу барысында есірткі трафиктерін қалыптастыратын елдерде Қазақстан арқылы өзге шет елдерге шығаруға арналған апиын тектес есірткілердің ірі партиясы жинақталғаны жайында ақпаратқа қол жеткізді.

Кезең-кезеңімен есірткіні тасымалдаудың жолдары мен айламен әкелу схемалары  анықталды. 

Арнайы іс-шаралар нәтижесінде есірткіні өткізуді ұйымдастырушының өзі болған  шетелдік азаматтың Қазақстанға келетіні туралы нақты мәлімет алынды. 

Жедел қызметкерлердің және «А» Арнайы мақсаттағы қызметтің келісілген әрекеттерінің арқасында Алматы қаласында 100 келіден аса героинды тасымалдау кезінде есірткі арнасының ұйымдастырушысы ұсталды.  

Материал Сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелді, тергеу амалдары жүргізілуде.

Қазір оқып жатыр

ШҚО-да әйел адамды өлтірді деген күдікпен оқушы ұсталды

Кісен

Дания Еспаева: 2027 жылғы бюджетте қауіпсіздік қоры жоқ

Дания Еспаева

Бақытжан Базарбек қатысқан жол апатында зардап шеккен ер адам ауруханадан шықты

Нұржігіт Қошановтың ауруханадан шыққан сәті

«12 мың адам көрген»: TikTok-та былапыт сөз айтқан семейлік әйел 5 тәулікке қамалды

бес тәулікке қамалды