USD
USD
USD

ҰҚК Қырғызстаннан мәйіті табылған сарбаздың өліміне қатысты жаңа деректерді жариялады

Ұлттық қауіпсіздік комитеті бір ай бұрын жоғалып кетіп, Қырғызстаннан табылған сарбаздың өліміне қатысты кей деректермен бөлісті.

ҰҚК Қырғызстаннан мәйіті табылған сарбаздың өліміне қатысты жаңа деректерді жариялады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. ҰҚК хабарлауынша, із-түссіз жоғалған сарбазды үш облыстан (Жамбыл, Қызылорда, Алматы) іздеген, сондай-ақ, Қырғызстан шекарашыларына хабар берілген. 

9 сәуір күні қырғызстандық шекарашылар шекарадан екі шақырым жерде әскери форма табылғанын хабарлады.

10 сәуір күні қазақстандық әскерилер оқиға орнына жетіп, сарбаз Бердішевтің заттарын, артынан мәйітін тапты. 

"Алдын ала қойылған диагноз: зорлық белгілері жоқ механикалық асфиксия"- деп хабарланды ҰҚК-дан.  

Аталған факті бойынша, Қырғыз Республикасы, Шу облысы, Панфилов аудандық РОВД-да тергеу амалдары басталды. 

Сарбаздың мәйіті 11 сәуір күні Қызылорда облысына, ата-анасына жеткізілді.

"Ұлттық қауіпсіздік органының жеке құрамы мен басшылығы Бердішев Ұ.А.-ның жақындары мен туыстарына қайғыра көңіл айтады.  Қазіргі уақытта шекара қызметі марқұмның жерлеу рәсімін ұйымдастыру бойынша отбасына қолдау көрсетуде", - делінген хабарламада.

Айта кетейік, сарбаз Ұлықбек Бердішев 2 наурызда із-түссіз жоғалып кетті. Оның мәйіті 10 сәуірде Қырғызстан аумағынан табылды.

Қазір оқып жатыр

Әскери қызметшілерге қызметтен кетерден алты ай бұрын жұмыс табуға көмектеспек

Әскерилер

Н. Төреғалиев: Ақ Жайық өңірі көрші елдердегі қандастармен тұрақты байланыс орнатып келеді

Форум

Алматы әкімдігі билбордтар орнатуға 600-ден астам жер телімін заңсыз берген

Алматы

Күшті әсер ететін заттар Wildberries арқылы арықтауға арналған дәрі ретінде сатылған

күшті әсер ететін дәрілер