USD
USD
USD

ҰҚК Қазақстан-Ресей шекарасындағы жағдайға қатысты пікір білдірді

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің (ҰҚК ШЖҚ) Шекара қызметі Қазақстан-Ресей шекарасындағы жағдайды ерекше бақылауға алғанын мәлімдеді.

ҰҚК Қазақстан-Ресей шекарасындағы жағдайға қатысты пікір білдірді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. "Бүгінде Қазақстан-Ресей шекарасы арқылы Қазақстанға келетін шетел азаматтарының саны артып отыр.

Қолданыстағы 30 автокөлік бақылау бекеті қалыпты жұмыс істеп тұр. Жолаушылар мен көліктер ағынының артуына байланысты кептеліс байқалады. Жағдай ерекше бақылауда", - деді министрліктің баспасөз қызметі.

ҰҚК Шекара қызметі құзырлы мемлекеттік органдармен бірлесе отырып, шекара өткелдеріндегі қауіпсіздік пен құқық тәртібін қамтамасыз ететінін айтты.

"Ресей шекара қызметімен өзара іс-қимыл ұйымдастырылды. ҰҚК Шекара қызметі өз қызметінде халықаралық шарттар мен Қазақстанның ішкі заңнамасының нормаларын басшылыққа алады", - делінген хабарламада.

Қазір оқып жатыр

Әзілкеш Данияр Жұмәділов «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды

daniyar_dzhumadilov/Instagram

Меладзенің Алматыдағы концертінде шу шығарған әйелдер жазаланды

.

Семейде жүріп бара жатқан жолаушылар автобусы өртенді

өрт

Alatau City жобасына Еуропа елдерінен инвесторлар тартылмақ

Делегация Алатау сити