USD
USD
USD

ҰҚК қару-жарақ пен жарылғыш заттар цехын анықтады

Көкшетауда Ақмола облысы бойынша ҰҚК департаментінің қызметкерлері атыс қаруы мен қолдан жасалған жарылғыш құрылғыларды заңсыз дайындау және өткізуге қатысы бар қылмыстық топты құрықтады, - деп хабарлайды  Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі.

ҰҚК қару-жарақ пен жарылғыш заттар цехын анықтады
Фото: NEGE.kz

Көкшетау, NEGE. "Топтың үш мүшесі қару-жарақ пен жарылғыш құрылғылардың кезекті партиясын сатуға әрекет жасаған кезде ұсталды. Астыртын цех ұсталғандардың бірінің жекеменшік үйінде болған", - деді ҰҚК өкілдері.

Нәтижесінде заңсыз айналымнан жеті жауынгерлік тапанша, 96 қолдан жасалған жарылғыш құрылғы, 80 оқдәрі, сондай-ақ қару-жарақты модификациялауға және дайындауға арналған құрал-саймандар тәркіленген.

Ж "Мамыр айында Қазанда (Ресей) болған қайғылы оқиға атыс қаруы ауыр зардаптарға әкелуі мүмкін екенін көрсетті.

Осыған байланысты қарудың заңсыз айналымы арнайы іс-қимыл және құқық қорғау органдарының басым міндеттерінің бірі", - деді ҰҚК өкілі.

Қазір оқып жатыр

Қазақстанда төртінші мұнай өңдеу зауытын салу мәселесі қарастырылуда – Энергетика министрлігі

Ерлан Ақкенженов

Атырау МӨЗ-дегі шығарындылар дауы: кәсіпорын не дейді?

мұнай өңдеу

ДДСҰ Иркутскідегі жағдайға қатысты қауіп деңгейін бағалады

уланған қыз

Құрылтай депутаты Татьяна Савельева мандатын мерзімінен бұрын тоқтатты

Татьяна Савельева