USD
USD
USD

ҰҚК Кәрім Мәсімовтің ісіне қатысты пікір білдірді

ҰҚК төрағасының орынбасары Асқар Әмірханов Кәрім Мәсімовке қатысты жаңа мәліметтер айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҰҚК Кәрім Мәсімовтің ісіне қатысты пікір білдірді
Фото: NEGE.kz

Астана, NEGE. Мәжіліс кулуарында журналистер ҰҚК төрағасының орынбасарынан Кәрім Максимовтің қамауға алу мерзімі қанша уақытқа созылатынын сұрады.

"Менің ойымша, күзге қарай айқын болады", – деді ҰҚК төрағасының орынбасары Асқар Әмірханов.

Журналистердің «Бұл соттың күзде басталатынын білдіре ме?» деген сұрағына Асқар Әмірханов «иә» деп жауап берді.

"Менің білуімше, іс материалдары құпия. Соттың ашық не жабық өтетінін сот органы шешеді", - деді ҰҚК төрағасының орынбасары,

Ол ҰҚК төрағасының бұрынғы бірінші орынбасары Самат Әбіш те «тергеу орбитасында» екенін айтты. Қазір ол Қазақстанда, куәлік беріп жатыр.

Еске салсақ, 6 қаңтарда ҚР ҰҚК мемлекеттік опасыздық бабы (ҚР Қылмыстық кодексінің 175-бабы 1-бөлігі) бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. Кәрім Мәсімов пен басқа да тұлғалар ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Қазір оқып жатыр

VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарындағы жеңімпазға қатысты дауға нүкте қойылды

жеңімпаз

Қазақстанның кей өңірінде сифилис инфекциясының таралуы көбейген

Дәрігер

«Центр плова Loft» ісі бойынша сот Ақмола облысы әкіміне жеке қаулы шығарды

блогер соты

Қарағандыда оқ жарақатын алған ер адам мен әйелдің мәйіті табылды

Полиция