USD
USD
USD

ҰҚК есебі: Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді?

Ұлттық қауіпсіздік комитеті 2022 жылдың маусым-шілде айларында полиция органдарымен бірге заңсыз айналымнан, оның ішінде «қаңтар оқиғасында» қолды болған қару-жарақтарды анықтау және тәркілеу бойынша бірқатар жедел-іздестіру шараларын жүргізді.

ҰҚК есебі: Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді?
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. ҰҚК таратқан мәлімет бойынша, Шымкент және Тараз қалаларында қылмыстық топтар қолға түсіп, олардан 3 тапанша, 2 дана ойық ұңғылы «Сайга» карабині, 2 мылтық, пневматикалық тапанша, винтовка, сондай-ақ 64 дана оқ-дәрі тәркіленді.

Шымкент қаласында Алматыдағы «Kamerad» аңшылық дүкенін тонауға қатысы бар тұрғындар ұсталды. Олардың тұрғылықты жерінен 2 дана ойық ұңғылы «Сайга-12С» карабині, пневматикалық қару және 71 дана оқ-дәрі табылды.

- Оған қоса, қала маңынан «Калашников» автоматы, 2 тапанша, аңшы мылтығы, «Ф-1» гранатасы, жарылғыш құрылғыларға арналған 8 детонатор және 43 дана оқ-дәрі жасырылған жер анықталды, - деді ҚР ҰҚК баспасөз қызметі

Тараз қаласында 2 «Калашников» автоматы, 10 тапанша, «SHTURM» шабуыл винтовкасы, 3 тегіс ұңғылы мылтық, граната және 476 дана оқ-дәрі жасырылған жерлер табылды.

Алматы облысында жасырын жерден «Калашников» автоматы, 4 тапанша, 8 тегіс ұңғылы мылтық, «шолақ мылтық», 12 граната, 464 дана оқ-дәрі және оптикалақ көздеу құралы табылды.

Талғар ауданының тұрғындары 2 «Калашников» автоматын, тегіс ұңғылы мылтық, «Ф-1» гранатасын және 180 дана оқ-дәріні заңсыз сақтағандары үшін ұсталды.

Алматыдағы жасырын орыннан 2 «Калашников» автоматы, 2 винчестер, 5 тапанша, 5 тегіс ұңғылы мылтық, «шолақ мылтық», 20 граната және 212 оқ-дәрі алынды.

- Заңсыз айналымнан барлығы: 68 бірлік қару, 36 граната, 8 жарылғыш құрылғы, 1 529 дана оқ-дәрі алынды. Заңсыз айналымдағы қару-жарақтарды іздестіру және алу бойынша шаралар жалғасып жатыр, - деді ҚР ҰҚК баспасөз қызметі

Қазір оқып жатыр

Ақтөбеде белгілі тұлғаларға тиесілі бірегей домбыралар таныстырылды

.

Олжас Құспеков кейбір экс-депутаттарды «декоративті пониге» теңеді

Олжас Құспеков

Кәсіпкер Бейбіт Әлібеков пен ИК тобының мүшесі Азамат Маркленов Құрылтай сайлауына түседі

Құрылтай

Тоқаев Трампты АҚШ-тың Тәуелсіздік күнімен құттықтады

.