USD
USD
USD

ҰҚК браконьерлерді ұстады, шығын – 5 млрд теңге!

«ҰҚК-нің Қызылорда облысы бойынша департаменті облыстық прокуратурамен бірлесіп, киік мүйіздерін заңсыз иемдену және өткізу арнасын ұйымдастыруға қатысы бар қылмыстық топтың құқыққа қарсы әрекетінің жолын кесу бойынша арнайы операция жүргізді», – деп хабарлады ҰҚК-нің баспасөз қызметі.

ҰҚК браконьерлерді ұстады, шығын – 5 млрд теңге!
Фото: NEGE.kz

Қызылорда, NEGE. Дериваттардың ірі партиясын сату әрекеті кезінде қылмыстық схеманы ұйымдастырған өңірдің екі тұрғыны ұсталды. Жалпы салмағы 500 келі болатын 2347 киік мүйізі тәркіленді.

Оларды алу үшін браконьерлер 1174 киікті өлтірген. Қылмыстық әрекеттен мемлекетке келтірілген залал 5 млрд теңгеге бағаланып отыр.

Браконьерлік әрекет салдарынан Қазақстандағы киік популяциясына елеулі зиян келтірілді.

Ұсталған адамдарға қатысты күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды.

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру шеңберінде ҚР ҚК 339-бабы 3-бөлігінің 2-тармағы (жануарлардың сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған түрлерімен, олардың бөліктерімен немесе дериваттарымен заңсыз айналысу) бойынша құқыққа қарсы әрекеттің өзге де қатысушыларын анықтау, айыпталушыларда киік мүйіздерінің қосымша партияларының болуы бойынша тергеу және жедел іс-шаралар кешені жүргізілуде.

Қазір оқып жатыр

Face ID жүйесіне қарсы шыққандарды полиция алып кеткен: басқарма не дейді?

Face ID

Тоқаевтың кітабы әлеуметтік желілерде қызу талқы тудырды: қазақстандықтар не дейді?

Кітап

Жетісу облысында оқушы қызды экскаватор қағып кетті

Эксковатор дөңгелегі

«Қолында суық қару болды»: Қостанайда футболшыға шабуыл жасалды

Пап-Алиун Ндиайе