USD
USD
USD

ҰҚК Атырау облысындағы акциялар туралы ақпаратты жоққа шығарды

Әлеуметтік желілерде жерімізді қорғап, үндемей қалмауға шақырған видеолар таралуда.

ҰҚК Атырау облысындағы акциялар туралы ақпаратты жоққа шығарды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің хабарлауынша, онда «Қалқан-2021» оқу-жаттығуларында түсірілген кадрлар көрсетілген.

«2021 жылғы 17 сәуірде жекелеген электрондық ақпараттық ресурстарда Атырау облысында өтіп жатқан акциялар туралы видео тарала бастады. Ұлттық қауіпсіздік комитеті бұл ақпараттың шындыққа жанаспайтынын ресми түрде хабарлайды. Әлеуметтік желілерде тараған видеода «Қалқан-2021» оқу-жаттығулары көрсетілген. Осыған байланысты ҰҚК баспасөз қызметі отандық БАҚ редакцияларынан мұндай материалдарды қайта жариялағанда немесе оған сілтеме жасаған кезде Ұлттық қауіпсіздік комитетіне жүгініп, ақпаратты растауды немесе түсініктеме алуын сұрайды. Сондай-ақ, ҰҚК жалған ақпарат таратпауға шақырады», – делінген хабарламада.

Қазір оқып жатыр

Қытайға тартылған мұнай құбырларындағы артық мұнай есептелмей, 3 млрд теңгеге жуық салық кем түскен

Мұнай құбыры

Қазақстанда электромобильдерге арналған жасыл түсті мемлекеттік нөмірлер бекітілді

Электромобиль

Сегіз ай күттірген жаңа пойыз: Stadler вагондары алғашқы рейсіне шықты

Stadler

«Министрдің жолы жіңішке» деген Саясат Нұрбек отставкаға кетуге дайын ба?

Саясат Нұрбек