USD
USD
USD

ҰҚК арнайы операциясы: есірткі арнасымен байланысы бар деген 15 адам ұсталды

ҰҚК арнайы операциялар барысында есірткі құрылымының 15 қатысушы ұсталды. Заңсыз айналымнан барлығы 223 келі есірткі тәркіленген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz .

ҰҚК арнайы операциясы: есірткі арнасымен байланысы бар деген 15 адам ұсталды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. 2022 жылғы сәуір мен мамырда ғана ҰҚК Қырғызстан және Өзбекстан елдерінің арнаулы қызметтері және құқық қорғау органдарымен бірлесіп, 30-дан аса есірткіге қарсы операция жүргізген. ҰҚК мәліметінше, есірткі трафигінің 9 халықаралық және 14 өңірлік арнасы жойылған. Синтетикалық есірткі өндіретін 8 ірі жасырын зертхана әшкереленіп, жұмысы тоқтатылған.

"Арнайы операциялар барысында есірткі құрылымының 15 қатысушы ұсталды. Заңсыз айналымнан барлығы 223 келі есірткі, оның ішінде: 90 келі синтетикалық есірткі (270 мың "бір реттік мөлшерге" тең), 85.2 келі марихуана, 14 келі апиын, 4 келі гашиш алынды. Бұдан басқа, 800 экстази  таблеткасы, 500 түп "голланд" марихуанасы және психотроптық заттарды дайындауға арналған 4 тонна химиялық реагенттер айналымнан шығарылды", - делінген хабарламада.

2 ай ішінде алынған есірткінің "қара нарықтағы" жалпы сомасы 2.3 миллиард теңгеден астамға бағаланып отыр.

Қазір оқып жатыр

Қазақстанда ескі көліктерді утилизациялау бағдарламасы қайта іске қосылмақ

утиль алымы

Қазақстанда тұрғын үйге сұраныс төмендегенімен, жаңа баспананың бағасы 14,6%-ға өскен

Баспана

2028 жылға қарай мектеп пен ЖОО түлектерінің 80%-ы ЖИ бойынша базалық дағдыларды меңгереді

Digital Qazaqstan

Қазақстан медицинасы бірыңғай цифрлық жүйеге көшеді

Сот-медициналық сарапшы