USD
USD
USD

ҰҚК Алматыда арнайы операция жүргізді

Ұлттық қауіпсіздік комитеті Алматы қаласында заңсыз қару айналымы арнасының жолын кесуге бағытталған арнайы операция өткізіп, ұйымдастырушыны және оның көмекшілерін құрықтады.

ҰҚК Алматыда арнайы операция жүргізді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Бұл операция алдында ұзақ жедел зерделеу жұмысы жүргізіліп, оқ-дәрімен ататын және өзге де суық қаруды, сонымен қатар оқ-дәрінің сирек кездесетін түрлерін жеткізу мен сату жүйелері анықталды, құжатпен бекітілді. 

Қаскөйлер құпиялық шараларын қатаң сақтап, саудалаудың қалыптан тыс әдістерін пайдалану арқылы қылмыстық ұйымның жұмысын әшкерелеуді қиындатқан.

Уақтылы қабылданған шаралар нәтижесінде қылмыстық бизнеске тосқауыл қойылды.

Қару-жарақтың негізгі бөлігі жақын шет елдерден қалыптасқан құпия арналар арқылы жеткізіліп тұрғаны анықталды. 

Заңсыз айналымнан 12 бірлік қару (жетілдірілген тапаншалар, мылтықтар, заманауи жабдықталған қарулар), 2000 аса оқ-дәрі, сонымен қатар суық қарудың бірнеше түрлері (мөлшермен жасалған қымбат пышақтар, қанжарлар, қылыштар, жүзі жасырылған қол таяқтар т.б.) алынды. 

Жедел-тергеу іс-шаралары жалғасуда.

Қазір оқып жатыр

100 млн теңге пара алғаны үшін бұрынғы шенеунік сотталды

Парақор шенеунік

Маңғыстаудағы сарбаздар қазасы бойынша 300-ден астам адамнан жауап алынды – Бас прокуратура

Әскерилер өлімі

Қостанайда қарт кісіні өлтірді деген күдікпен жасөспірім ұсталды

Күдікті пен полицей

Китана «Бүркіт» арнайы жасағына қабылданған алғашқы жауынгер қыз атанды

Китана – Қымбат