USD
USD
USD

ҰҚК тыңшылық жасады деген күдікпен ұсталған өзбекстандық профессорға қатысты пікір білдірді

Қазақстанның Ұлттық қауіпсіздік комитеті Астанада тыңшылық жасады деген күдікпен қамауға алынған 46 жастағы Өзбекстан азаматы Икболжон Корабоевқа қатысты пікір білдірді.

Икболжон Корабоев
Фото: Видеодан кадр/Jibek Joly

Астана, NEGE. Ведомство мәліметінше, Өзбекстан тарабы дипломатиялық арналар арқылы ресми түрде хабардар етілген.

«Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес, сотқа дейінгі тергеп-тексеру деректері жария етуге жатпайтынын хабарлаймыз. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, өзбекстандық тарап дипломатиялық арналар арқылы ресми түрде хабардар етілді», – делінген хабарламада.

Айта кетейік, бұған дейін BBC-дің өзбек қызметі өзбекстандық профессор Икболжон Корабоевтың Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 176-бабы бойынша тыңшылық жасады деген күдікпен ұсталғанын хабарлаған болатын.

Икболжон Корабоев Астанада әйелімен және кәмелетке толмаған үш баласымен тұрып жатқан және Maqsut Narikbayev University-де халықаралық қатынастар пәнінен сабақ берген.

Туыстарының мәлімдеуінше, 3 шілдеде азаматтық киіммен келген бірнеше адам оған тыңшылық жасады деп айыпталғанын хабарлап, Астанадағы үйінен алып кеткен.

 

Қазір оқып жатыр

Жезқазған зиратында қабір басындағы топырақ опырылған: әкімшілік себебін түсіндірді

.

Атырауда шенеунік жұмбақ жағдайда көз жұмды

.

Филармонияның экс-басшысы ойыншық тапаншамен ақша айырбастау орнын тонаған

КТК сюжетінен үзінді

Астанада 74 адам жүргізуші куәлігін заңсыз алған: арнайы ХҚКО қызметкерлерінің ісі сотқа жетті

Жүргізуші