USD
USD
USD

ҰҚК Ресейде Қазақстанның екі азаматы өлтірілгенін растады

ҰҚК баспасөз қызметінің мәліметінше, көз жұмғандардың қазақстандықтар екені және олардың Ресейге шыққаны расталып отыр, деп жазады inbusiness.kz.

атыс
Фото: inbusiness.kz

Алматы, NEGE. "БАҚ-та Ресей Федерациясында Қазақстанның екі азаматының террорлық акті жасауды ұйымдастыруға әрекеті кезінде Ресейдің күштік құрылымдарымен көзі жойылғаны туралы ақпарат жарияланды. Бұл адамдардың қазақстандық азаматтығы және Ресейге барғаны расталады", – делінген комитет таратқан ақпаратта.

Аталған факті бойынша ҰҚК сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізуде.

Тексеріс ынтымақтастық арнасы аясында Ресей ФҚҚ-мен тығыз байланыста жүзеге асырылуда.

Өзге ақпарат Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес жария етуге жатпайды.

Қазір оқып жатыр

Бірі өсті, бірі шегінді. Қазақстанның сегіз банкі НЕГЕ активінен айырылды?

bank

Шымкентте Василий Колесниковті қатыгездікпен өлтірген алты адамға үкім оқылды

сот үкімі

Әйелдер мен балаларды қорғайтын жобаға не кедергі: депутат екі министрлікке талап қойды

Лариса Ли

Қазақстанда құрылыс талаптарын бұзғандарды лицензиясынан айыруы мүмкін

Құрылыс компаниялары