Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

ҰҚК Өзбекстанмен арадағы шекарада көліктердің жиналып қалуына қатысты түсініктеме берді

Қазақстан-өзбек шекарасындағы өткізу пункттерінде адамдар мен көліктердің көптеп жиналуына қатысты ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті түсініктеме берді.

көлік кептелісі
Фото: ғаламтордан

Алматы, NEGE. ҚР ҰҚК Шекара қызметі Өзбекстан Республикасымен шекарадағы "Жібек жолы" өткізу пунктінде адамдар мен көлік құралдарының мезгіл-мезгіл жиналуы байқалатынын хабарлайды. Бұл іргелес аумақтағы «Гишт Куприк» өткізу пунктінде жол төсемінің салынуы мен кеңейтілінуіне байланысты.

Сондай-ақ, қазіргі уақытта "Қапланбек" өткізу пунктінің жөндеу жұмыстарына байланысты жабылғаны да айтылады.

"Өз кезегінде, "Тәжен", "Атамекен" және "Қазығұрт" өткізу пункттерінде жүргізіліп жатқан реконструкция себебінен адамдар мен көлік құралдарының қозғалысы шектелген".ҚР ҰҚК баспасөз қызметі

Сондай-ақ мемлекеттік шекара арқылы басқа өткізу пункттері штаттық режимде жұмыс істеп жатқаны нақтыланады.

Қазір оқып жатыр

Қазақстан жаһандық көлік бағыттарының маңызды бөлігіне айналып келеді

логистика

Каспий теңізі бетін майлы дақ басты: экологтар не дейді?

Каспий

25 тамыздан бастап электросамокатпен тротуарда жүруге тыйым салынады

самокат

Стример әйел TikTok-тағы эфирден кейін психикалық ауруханаға жатқызылды

стример