USD
USD
USD

ҰҚК Нұрлан Жақыпов пен Елжас Отыншиевтің ұсталғанын растады

11 қарашада Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі «Самұрық-Қазына» АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов пен «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Елжас Отыншиевті және басқа да тұлғаларды ұстады.

Жақыпов, Отышниев
Фото: sk.kz, коллаж: NEGE

Астана, NEGE. Комитет өкілдерінің хабарлауынша, олар сыбайлас жемқорлық қылмысын жасады деген күдікке ілінген.

«Қазір істің барлық мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру деректері Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес жария етілмейді», – делінген ҰҚК хабарламасында.

Еске салсақ, бұған дейін желіде Астанадағы Қонаев көшесіндегі Atlant-6 тұрғын үй кешенінің маңынан долларға ұқсас купюралар шашылып жатқаны түсірілген видео тарағанын жазған едік.

Бұл жөнінде полицияға «102» арнасы арқылы хабар түскен. Оқиға орнына полиция жасағы жеткен.

Видеодан тротуарға шашылған банкноттар мен олардың жанында жатқан сөмкелер мен чемодандарды аңғаруға болады. Желіде тараған ақпаратта «Самұрық-Қазына» басшысы Нұрлан Жақыпов пен «Қазақстан темір жолы» басшысы Ерлан Отыншиевтің ұсталғаны айтылған болатын.

Айта кетейік, Елжас Отыншиев «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының басқарма төрағасы қызметіне биыл шілдеде тағайындалды. Оған дейін осы компанияның директорлар кеңесінің мүшесі болған.

Қазір оқып жатыр

«Ақшаны қайтарыңдар»: Павлодар әкімдігі әлеуметтік төлемге қатысты түсініктеме берді

Мүгедек бала

Астанада чемодандардан долларлар шашылды

Астанада аулада шашылып жатқан доллар

Пайда мен қарыз бірге өсуде. Ағайынды Тастекейлер биыл НЕГЕ қарқын алып келеді?

TAS

Қазақстанда туу көрсеткіші төмендеп барады: анти-рейтингті Қызылорда облысы мен ШҚО бастап тұр

нәресте