USD
USD
USD

ҰҚК Қазақстанның бірнеше облысында қылмыстық топтың құрамындағы 50 адамды ұстады

2024 жылғы 18 қыркүйекте ҰҚК, ІІМ және БП ведомствоаралық жедел-тергеу тобы Астана, Алматы және Шымкент қалаларында, сондай-ақ Ақтөбе, Атырау, Алматы, Жетісу, Батыс Қазақстан және Павлодар облыстарында тұрақты ұйымдасқан қылмыстық топтың мүшелерін ұстауға арналған операция жүргізді.

Ұстау опрециясы
Фото: ҰҚК

Алматы, NEGE. Барлығы 50 адам ұсталып, ішкі істер органдарына жеткізілді. Оларға қатысты тергеу амалдары жүргізілуде.

Олар тауарлар мен автокөліктерді аса ірі көлемде ұрлау арнасын ұйымдастырды, сондай-ақ ұйымдасқан қылмысты қаржыландырды деген күдікке ілінді.

20-дан астам адамның сеніміне кіріп, 2 млрд. теңгеден аса мүлік тонаған.

Топтың нақты иерархиясы мен қатысушыларының рөлдерінің бөлінуі болған, олар қылмыс пен деструктивті діни ортаның өкілдерінен, соның ішінде түзеу мекемесінде жазасын өтеушілерден құралған.

Тінтулер барысында банк карталары, ірі ақша қаражаты, экстремистік әдебиеттер, ақша аударымдары жазылған жазбалар және тергеу үшін қызығушылық тудыратын өзге де заттар табылды.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Қазір оқып жатыр

Құлыбаевпен байланысты компанияның бір бөлігі аукционда 36 млн теңгеге сатылды

Құлыбаев

Қазақстанда бензин мен дизель отыны бағасы өсуі мүмкін

Бензин, дизель

Ер адам мемлекеттен үй алу үшін кезегін 30 жыл күткен

кілт

Ақылы жолдарда лазерлер орнатыла бастады: ол не үшін қажет?

Лазер