USD
USD
USD

ҰҚК бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімовтың Астанадағы үйі әкімдіктің меншігіне өтеді

Астанада Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы басшысы Кәрім Мәсімовке тиесілі болған тәркіленген элиталық қонақ үй әлеуметтік мақсатта қолданылатын болды.

Кәрім мәсімов
Фото: e-qazyna.kz

Алматы, NEGE. «Қайтарылған активтерді басқару компаниясы» ЖШС-нің мәліметінше, 2025 жылдың 24 сәуірінде мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталында Астана қаласы, Нұра ауданы, Қараөткел ықшам ауданындағы Ерейментау көшесінде орналасқан тұрғын үйді электронды сауда арқылы сату туралы хабарлама жарияланған. Бастапқы баға 1 миллиард 60 миллион теңге болып белгіленген еді.

Алайда Астана әкімдігі нысанды қаланың әлеуметтік қажеттіліктеріне пайдалану үшін алуға ресми өтініш түсірген. Әлеуметтік маңыздылығын және заң талаптарын ескере отырып, нысан электронды сауда жоспарына енгізілмеген.

Компания өкілдерінің айтуынша, бұл үйді одан әрі пайдалану жергілікті атқарушы органның сұранысына сәйкес белгіленген тәртіппен жүзеге асатын болады.

Қазір оқып жатыр

Қазақстанның сыртқы қарызы 182,8 млрд долларға жетті

Сыртқы қарыз

Францияда Temu және басқа маркетплейстердегі тауарларға қосымша салық енгізілді

Temu

Қазақстан экономикасы тек мұнайға тәуелді емес: шетелдік сарапшылар инвестиция көлемі мен өнеркәсіптің өскенін атап өтті

Бизнес

«7 айда жауап алуға екі-ақ рет шақырды»: Алматыда журналист Гүлнар Бажкенованың соты басталды

Гүлнар Бажкенова