USD
USD
USD

ҰҚК әзілкеш Нұрлан Сабуровқа қатысты жүргізілген тексеру нәтижесін жариялады

Қазақстанның Ұлттық қауіпсіздік комитеті әзілкеш Нұрлан Сабуровқа қатысты Қылмыстық кодекстің 170-бабы (Жалдамалылық) бойынша тексеру нәтижесін жариялады.

Нурлан Сабуров
Фото: YouTube/Заmandas

Астана, NEGE. Бұл жөнінде ведомствоның баспасөз қызметі мәлімдеді. 

«Тексеру нәтижесінде заң бұзушылық белгілері табылмағанын хабарлаймыз», – делінген ҰҚК хабарламасында.

Бұған дейін Нұрлан Сабуровтың «Вагнер» легионының «Истра» бөлімшесіне мотоциклдер сыйлағаны және «Все для победы» қорына 2 млн рубль аударғаны туралы ақпарат тараған болатын.

Осыған байланысты Nege.kz редакциясы оның бұл әрекеті «Өзге елдегі соғысты қаржыландыру болып есептеле ме?» және «Қазақстан Қылмыстық кодексінің 172-бабында (Шетелдік қарулы қақтығыстарға қатысу) көзделген құқықбұзушылыққа жата ма?» деген мәселені анықтау үшін құқық қорғау органдарына ресми сауал жолдаған. Сол кезде ҰҚК бұл жағдайға байланысты тексеріс басталғанын хабарлаған еді.

Ал Ішкі істер министрлігі ішкі істер органдары тарапынан Сабуровқа қатысты қылмыстық іс қозғалмағанын мәлімдеді.

Еске салайық, Нұрлан Сабуровқа Ресей Федерациясының аумағына 50 жылға кіруге тыйым салынған. Әзілкеш бұл жаңалықты Дубайдан Мәскеуге ұшып келген сәтінде Внуково әуежайында бір-ақ естіген. Кейін ол Қазақстанға оралуға мәжбүр болды.

Ал Украинада Сабуровтың үстінен қылмыстық іс қозғалды.

Қазір оқып жатыр

Оңтүстік Кореяда Alatau City-де ірі жобаларды іске асыру мүмкіндігі талқыланды

Alatau City бойынша келіссөздер

«Біз одан шарап ішеміз»: Кенесарының бас сүйегі туралы айтқан қырғыз студенттері кешірім сұрады

Қырғызстандық студенттер

Жанжал кезінде газ тапаншасынан оқ атқан Астана тұрғыны 5 жылға сотталды

тапанша

Іле-Балқаш резерватына бір үйір құлан жіберілді

Іле-Балқаш резерватына жіберілген құландар