USD
USD
USD

Үкіметтің кеңейтілген отырысы: Биыл 200 жаңа мектеп салынады

Елордада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қазақстан Республикасы Үкіметінің кеңейтілген отырысы өтуде.

Үкіметтің кеңейтілген отырысы: Биыл 200 жаңа мектеп салынады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Кеңейтілген отырыста ел азаматтары мен қоғамға қажетті бірқатар мәселе сөз болды. Атап айтсақ, 2020 жылы 200 мектеп салынады. 

«Білім саласындағы инфрақұрылымды дамыту аясында 2020 жылы 200 жаңа мектеп ашылады. Оның 100 – жеке мектеп. Сонымен бірге, биыл 44 студенттік жатақхана пайдалануға беріледі», – деді Асқар Мамин. 

Сондай-ақ, Үкімет басшысы Асқар Мамин биыл Қазақстанда 430 мың жаңа жұмыс орны ашылатынын хабарлады. 

«Мұнда жаңа жұмыс орындары негізінен туризм, сауда мен құрылыс салаларында, сондай-ақ, өңдеу өнеркәсібі мен АӨК саласында да жаңа жұмыс орындары ашылады», – деді ол. 

Баспанаға деген сұраныс, қажеттілік қоғамда жоғары. Сондықтан да биыл Қазақстанда 15 млн шаршы метр тұрғын үй салынады. Үкімет басшысының сөзіне қарағанда өткен жылы 150 мың отбасы баспаналы болған. 

Қазір оқып жатыр

Ломбардтағы қарыздар соттан тыс банкроттық шартынан алынып тасталды

Ломбард

Алматыда дәрігерлер әйелдің іш қуысынан 25 келілік үлкен ісікті алды

Ота

Талдықорғанда зейнеткерден 5 келіден астам гашиш тәркіленді

есірткі заты

Тоқаев Алматы әкіміне LRT мен SkyTrain-ді енгізу жұмысын жеделдетуді тапсырды

Дархан Сатыбалды