USD
USD
USD

Үкіметтік емес ұйымдарға 50-ден астам грант бөлінеді

Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің тапсырысымен 53 түрлі тақырып бойынша үкіметтік емес ұйымдарға мемлекеттік гранттарды ұсыну жөніндегі конкурс жариялады.

Үкіметтік емес ұйымдарға 50-ден астам грант бөлінеді
Фото: NEGE.kz

Алматы. NEGE.  zakon.kz таратқан ақпаратқа қарағанда, Мемлекеттік гранттық жобалар адам, балалар құқықтарын қорғау, гендерлік теңдікті дамыту, білім беру, денсаулық сақтау, қоршаған орта және ұлттық бірлік идеясын ілгерілету сияқты қоғамның әлеуметтік, мәдени салаларының 12 бағытын қамтиды.

Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы үкіметтік емес ұйымдардан келіп түскен өтініштерді қабылдауды бастады.

Құжаттарды қабылдау 2022 жылдың 7 ақпанына дейін жалғасады.

«Өткен жылдардағыдай біз шағын гранттар, әдістемелік, талдамалық, ұйымдастырушылық көмек сияқты құралдар арқылы ҮЕҰ-ға, азаматтық бастамаларға жан-жақты қолдау көрсетуге бағытталған жұмысты жалғастыратын боламыз. Ең бастысы, Орталық мемлекеттік және мемлекеттік емес қаражатпен жұмыс істей отырып, гранттарды іске асырудың ашықтығы мен есептілігіне баса назар аударатын болады», - дейді Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы басқармасының төрайымы Лима Диас.

Мемлекеттік гранттарды ұсыну конкурсына: банкрот деп танылған; мүлкі қамауға алынып, қаржылық әрекеті тоқтатылған; тарап кету алдында тұрған ҮЕҰ қатыса алмайды.

Ал, ҮЕҰ-дың мәліметтер Базасында мағлұматтары бар және ҮЕҰ конкурсына қатысу талаптарына, бекітілген Қағидасына сәйкес келетін өтінім ұсынған ҮЕҰ аталмыш конкурсқа қатыса алады.

Қазір оқып жатыр

Санкциядан қалған яхталар. Ресейлік табы бар түрік капиталы Қазақстанға қалай қиындық тудыруы мүмкін?

 Alfa Nero

Астаналық оқушы Harvard University-ге оқуға түсті

 Бөрте Сайранбекқызы

Ресейде жаппай төбелестен кейін ұсталған қазақстандықтар ісі СІМ бақылауына алынды

ресей

Қарағандыда 12 жасар қыз бен оның анасының өліміне күдікті ер адамның денесі табылды

Полиция