USD
USD
USD

Үкіметте Жекешелендірудің 2021-2025 жылдарға арналған кешенді жоспары талқыланды

Жұма, 29 желтоқсанда, ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Экономиканы жаңғырту мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссияның кезекті отырысын өткізді.

Үкіметте Жекешелендірудің 2021-2025 жылдарға арналған кешенді жоспары талқыланды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Қатысушылар Жекешелендірудің 2021-2025 жылдарға арналған кешенді жоспарын өзектендіру барысын талқылады. Атап айтқанда, одан 20-дан астам коммуналдық меншік ұйымын алып тастау ұсынылып отыр. Олардың ішінде ТКШ нысандары, кейбір медициналық және микроқаржы ұйымдары бар. Соңғыларын мемлекет жеңілдікпен несие беру және кәсіпкерлерді оқыту бойынша қызметтер көрсету үшін пайдаланатын болады.

Сонымен қатар отырыс барысында ҚР өнеркәсібін қолдау мәселелері, оның ішінде отандық өндірушілер мен экспорттаушыларды қолжетімді қаржыландыру шараларымен қамту талқыланды. Бұдан бөлек өңдеу өнеркәсібіндегі ірі кәсіпкерлік нысандарын қолдау мәселелері қаралды.

Оған қоса отырысқа қатысушылар 2024 жылы Qazaq Air әуе компаниясын бәсекелестік ортаға беру шарттарын талқылады.

Қазір оқып жатыр

«Әр мәселенің артында нақты адам тұр»: сарапшы сапасыз бензин туралы

Decaf.

86 млн теңгелік автошеру: «ҚазТрансГаздың» бұрынғы басшысы Санжар Боқаевтың рөлі туралы айтты

Боқаев

Қорғаныс министрі әскери қызметте қаза тапқан сарбаздардың туыстарымен кездесті

Gov

Бурабайда орманды қоршаған құрылысшылардың рұқсат құжаты жоқ болып шықты

Бурабай