USD
USD
USD

Үкіметте Қазақстан азаматтарының банкроттығы туралы заң жобасы қаралды

Үкіметте ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен «Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы» заң жобасы талқыланды, деп хабарлайды primeminister.kz сайты.

Үкіметте Қазақстан азаматтарының банкроттығы туралы заң жобасы қаралды
Фото: NEGE.kz

Астана, NEGE. Қаржы министрлігі «Азаматтардың төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы» Қазақстан Республикасы заңының жобасы және оған ілеспе заң жобалары бойынша жұмысты аяқтады. 21 заңнамалық актіге (8 кодекс пен 13 заңға) өзгерістер мен толықтырулар енгізу көзделіп отыр.

Тиісті заң жобасы азаматтардың борыш жүктемесін азайту, әлеуметтік шиеленісті жеңілдету, қарыздар бойынша төлемдерді ынталандыру және борышкерлерді өнімді экономикалық қызметке қайтаруды қамтамасыз ету мақсатында әзірленді.

Заң жобаларын талқылау барысында жұмыс тобының 10 отырысы өтті, 100-ден астам ұсыныс пен ескертулер қаралды, «электрондық үкімет» платформасы арқылы қойылған 276 сұраққа жауап берілді.

Ұсыныстар негізінде заң жобаларына өзгерістер енгізілді, оның ішінде: банкроттық туралы өтініштерді беру рәсімі жеңілдетілді, әлеуметтік жағынан аз қамтылған адамдарға мемлекеттік көмек қарастырылды, бітімгершілік келісім жасасу мүмкіндігі енгізілді, банкроттардың қаржылық сауаттылықты арттыру курстарынан міндетті түрде өтуі және тағы басқасы енгізілді.

Кеңес қорытындысы бойынша ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов уәкілетті мемлекеттік органдарға келісілмеген мәселелер бойынша бірыңғай ұстанымдар әзірлеуді және отандық заңнамада қарастырылған барлық сараптамаларды жүргізуді тапсырды.

 

Қазір оқып жатыр

Талғарда қылмыстық істі тоқтату үшін тегін демалмақ болған екі полицей ұсталды

Маңғыстау

Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 16,25%-ға дейін төмендетті

Ұлттық банк

Alatau City Authority және прокуратура органдары инвесторлардың құқығын қорғау жөніндегі меморандумға қол қойды

Alatau City

«Балаңыз қатты дуаланған»: полиция алаяқтықтың жаңа түрі пайда болғанын ескертті

алаяқтық