USD
USD
USD

Үкіметте ішкі нарықты сұйытылған газбен қамтамасыз ету мәселесі қаралды

ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен Мұнай-газ және энергетика салаларын дамыту жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысында ішкі нарықты сұйытылған газбен үздіксіз қамтамасыз ету мәселесі қаралды, деп хабарлайды primeminister.kz сайты.

Үкіметте ішкі нарықты сұйытылған газбен қамтамасыз ету мәселесі қаралды
Фото: NEGE.kz

Алматы. NEGE.  Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасын орындау аясында сұйытылған мұнай газын (СМГ) электрондық сауда алаңынан (ЭСА) тыс – жергілікті атқарушы органдардың өтінімдері негізінде ішкі нарыққа жеткізу жоспары арқылы сату туралы шешім қабылданды.

ҚР Ішкі нарығына сұйытылған мұнай газын жеткізу жоспарын қалыптастыру қағидаларына мұнай-газ химиясы кәсіпорындарымен және топтық резервуарлық қондырғылармен (тұрмыстық мұқтаждықтар үшін) қатар, СМГ-ны ЭСА-дан тыс сатып алуға құқығы бар субъектілердің тізімін кеңейтуді көздейтін өзгерістер енгізілді. Мұндай құқыққа автогаз құю станциялары, газ желісі ұйымдары, газ толтыру бекеттері, газ толтыру станциялары ие болды.

Энергетика министрлігі субъектілердің аталған жаңа санаттары үшін электрондық сауда алаңынан тыс ішкі нарықта сұйытылған мұнай газын бөлуге уәкілетті.

Сұйытылған мұнай газын көтерме және бөлшек саудада өткізудің 150-ден астам субъектісі жұмыс істейтін өңірлердің әкімдіктері осындай субъектілер арасында сұйытылған мұнай газын бөлудің өз тетіктерін әзірлеуге уәкілетті.

2021 жылғы желтоқсанда және 2022 жылғы қаңтарда бөлшек саудада өткізушілер ЭСА-лардан сұйытылған газ көлемдерін көтерме нарық бағалары бойынша сатып алды. Биыл 5 қаңтарда сұйытылған мұнай газын бөлшек саудада сатуға шекті бағалар белгіленді (өңірлерге қарай – бір литрі үшін 50 теңгеден 70 теңгеге дейін, шалғай аудандарда – бір литрі үшін 55 теңгеден 75 теңгеге дейін), сондай-ақ шекті көтерме бағасы бір тоннасы үшін 38 701 теңгеден 28 000 теңгеге дейін төмендеді.


 

Қазір оқып жатыр

Үкімет басшысы лауазымында қалған Бектенов Президентке қандай уәде берді?

Олжас Бектенов

Вакансияны жарияламай адам алған жұмыс берушілерге айыппұл салынуы мүмкін

Іс

Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды

Ләззат Танысбай

141 депутат қолдады: Ерлан Қарин вице-президент лауазымына тағайындалды

Ерлан Қарин