USD
USD
USD

Үкіметте газ өңдеу зауытын салу мәселелері талқыланды

ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен кеңесте ішкі нарық үшін тауарлық газ өндірісін ұлғайту жөніндегі жоспарлар қаралды.

Үкіметте газ өңдеу зауытын салу мәселелері талқыланды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Қатысушылар Қашаған кен орнында жаңа жобаларды іске асыру, атап айтқанда қуаты 1 млрд м3 газ өңдеу зауытын салу мәселелерін талқылады. Қазіргі уақытта ол жерде құрылыс-монтаждау жұмыстары белсенді түрде жүргізілуде, қажетті жабдықтармен қамтамасыз етіліп отыр. Кәсіпорын 2025 жылы іске қосылады деп күтілуде.

Оған қоса кен орнында мұнай өндіру көлемін ұлғайту аясында қуаты 4 млрд м3 болатын тағы бір ірі газ зауытының құрылысы пысықталуда. Жобаны екі кезеңде, яғни 2 млрд м3-ден екі желі бойынша іске асыру жоспарлануда.

Премьер-Министр дайындық жұмыстарын жеделдетіп, жақын арада жаңа газ зауыты бойынша Жол картасына қол қою қажеттігін атап өтті.

Сонымен қатар кеңесте газ транзиті мен импортының кейбір мәселелері қаралды.

Қазір оқып жатыр

Маңғыстаутағы сарбаздар қазасы бойынша 300-ден астам адамнан жауап алынды – Бас прокуратура

Әскерилер өлімі

Қостанайда қарт кісіні өлтірді деген күдікпен жасөспірім ұсталды

Күдікті пен полицей

Китана «Бүркіт» арнайы жасағына қабылданған алғашқы жауынгер қыз атанды

Китана – Қымбат

Stadler вагондары жолға шығуға дайын: билет сатылымы басталды

Stadler