USD
USD
USD

Үкіметте Дағдарысқа қарсы шаралар жөніндегі жедел штаб құрылды

ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың өкімімен ҚР Үкіметі жанындағы Дағдарысқа қарсы шаралар жөніндегі жедел штаб құрылды, деп хабарлайды Үкімет басшысының баспасөз қызметі

Үкіметте Дағдарысқа қарсы шаралар жөніндегі жедел штаб құрылды
Фото: NEGE.kz

Астана, NEGE. Жедел штаб Ресей Федерациясына санкциялар пакетінің салынуына және олардың Қазақстан экономикасына тигізер әсеріне байланысты экономикада және бизнестегі проблемалық мәселелерді қарап, шешетін болады.

Жедел штаб құрамына негізгі мемлекеттік органдардың бірінші басшылары, кәсіпкерлік қауымдастығының өкілдері және салалық сарапшылар кірді.

Сонымен қатар Жедел штабтың алдағы жұмысына отандық бизнес пен сарапшылар қауымдастығының басқа да өкілдері қатыса алады.

Бүгін ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Роман Склярдың төрағалығымен Жедел штабтың алғашқы отырысы өтті. Онда көлік және логистика, контрагенттер арасындағы өзара есеп айырысу мәселелері, сондай-ақ отандық бизнестің басқа да мәселелері талқыланды.

Қазір оқып жатыр

Алматы – Қорғас тасжолындағы көлік апаты: тағы бір адам ауруханада көз жұмды

жол апаты

Қара тізімге енген Alibaba Пентагонды сотқа берді

Alibaba

Еуроодақ заңсыз мигранттарды Қазақстанға жіберуі мүмкін бе: СІМ жауап берді

СІМ

АҚШ-та жұмбақ жағдайда қайтыс болған қазақстандық жігіттің денесі елге әкелінді

Әсет Құралбай