USD
USD
USD

Үкімет Жетісу облысында ірі жел электр станциясын салу жобасын талқылады

ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен кеңесте Сауд Арабиясы Корольдігімен бірлескен инвестициялық жобаларды жүзеге асыру мәселелері талқыланды.

Үкімет Жетісу облысында ірі жел электр станциясын салу жобасын талқылады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Атап айтқанда, Жетісу облысында қуаттылығы 1 ГВт болатын ірі жел электр станциясын салу жобасы талқыланды. Қазіргі уақытта дайындық жұмыстары жүріп жатыр, соңғы келісімге қол жеткізілгеннен кейін, 2025 жылы құрылысты бастау жоспарланған.  

Премьер-Министр әкімшілік рәсімдерді жеделдетуді және орталық мемлекеттік органдар тарапынан барлық қажетті шешімдерді бір күнде әзірлеуді тапсырды.  

Сондай-ақ кеңесте ауыл шаруашылығы, фармацевтика, металлургия және т. б. салаларда жаңа жобаларды жүзеге асыру мәселелері талқыланды.

Әлихан Смайылов Сауд Арабиясының инвесторларымен жұмысты барлық деңгейде жандандыру қажеттігін, атап айтқанда, ҚР Сыртқы істер министрлігі, Қазақстанның Жиддадағы дипломатиялық өкілдігі, «Kazakh Invest» ұлттық компаниясы және басқа да мүдделі мемлекеттік органдар мен ұйымдар белсенді позицияны ұстануы, сондай-ақ әлеуетті жобалар пулын мұқият зерделеу қажет екенін атап өтті.  

Премьер-Министр Үкіметаралық комиссияның таяуда болатын отырысы қарсаңында екі ел кәсіпкерлерінің қатысуымен тақырыптық бизнес-форум ұйымдастыруды тапсырды.

Қазір оқып жатыр

Оңтүстік Кореяда Alatau City-де ірі жобаларды іске асыру мүмкіндігі талқыланды

Alatau City бойынша келіссөздер

«Біз одан шарап ішеміз»: Кенесарының бас сүйегі туралы айтқан қырғыз студенттері кешірім сұрады

Қырғызстандық студенттер

Жанжал кезінде газ тапаншасынан оқ атқан Астана тұрғыны 5 жылға сотталды

тапанша

Іле-Балқаш резерватына бір үйір құлан жіберілді

Іле-Балқаш резерватына жіберілген құландар