USD
USD
USD

Үкімет украиналық министрлердің «жалған ПТР-анықтамалары» туралы мәліметке жауап берді

Премьер-министр Асқар Маминнің баспасөз қызметі Украина делегациясы Қазақстанға уақыты өткен ПТР-анықтамамен келді деген мәліметке қатысты пікір білдірді.

Үкімет украиналық министрлердің «жалған ПТР-анықтамалары» туралы мәліметке жауап берді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Мұның алдында БАҚ-та Украинаның үкіметтік делегациясының мүшелері – инфрақұрылым министрі Владислав Криклий мен елші Петр Врублевский Қазақстанға коронавирус туралы жалған анықтамалармен келгені хабарланған еді.

Үкіметтегілердің мәліметінше, кездесу аясында Владислав Криклий премьер-министр Асқар Маминмен кездесуі керек болған. Алайда кездесу өтпеген.

«Украина делегациясы мүшелерінің ПТР-анықтамаларының жарамдылық мерзімінің өтуіне (бес күннен аса) байланысты ҚР премьер-министрі Асқар Мамин мен Владислав Криклий кездескен жоқ.

Коронавирус инфекциясы пандемиясы жағдайында кездесуге қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында бірқатар санитарлық ережелер мен шарттарды сақтау, оның ішінде ПТР әдісімен COVID-19-ға тексеру туралы анықтаманың болуы шарт», – делінген хабарламада.

Қазір оқып жатыр

Денсаулық сақтау министрлігі маймыл шешегіне байланысты мәлімдеме жасады

оңалту орталығы

Чип те жоқ, өндіріс те жоқ: Қазақстан технологиялық жарыстан қалып бара ма?

Чип

«Қазақстанда революция ұйымдастырамын»: Жапаров Әбіләзовпен сөйлескенін айтты

Садыр Жапаров

«Бұл одақ барлық жағынан қолайлы»: Бибісара Асаубаева өзбекстандық шахматшыға тұрмысқа шығуы мүмкін

Жавохир Синдаров, Бибісара Асаубаева