USD
USD
USD

Үкімет резервінен коронавируспен күреске 66 млрд теңге бөлінген

Үкімет резервінен коронавируспен күреске 66 млрд теңге бөлінген. Бұл туралы ҚР Қаржы министрінің бірінші орынбасары Берік Шолпанқұлов айтты. 

Үкімет резервінен коронавируспен күреске 66 млрд теңге бөлінген
Фото: NEGE.kz

Aлматы, NEGE.  «Эпидемияға қарсы іс-шараларды жүргізуге 125 млрд теңге көзделген. Бұл қаражат медицина және басқа қызметкерлерге қосымша ақы төлеуге, 3 инфекциялық аурухана құрылысына және басқа шараларға жұмсалды», - деді ол Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифинг барысында.

Оның атап өтуінше, 575 млрд теңге қосымша шығыстар азаматтар мен экономиканы қолдауға және Мемлекет басшысының тапсырмаларын іске асыруға, Нұр-Сұлтан қаласындағы үлестік құрылыстың проблемалық нысандарын аяқтауға және басқа да басым міндеттерге бағытталған.

«Сондай-ақ, коронавирус індетімен күреске Үкімет резервінен 66 млрд 957 млн теңге, оның ішінде Денсаулық сақтау министрлігіне 46 млрд 587 млн теңге бөлінді», - деді Берік Шолпанқұлов.

Қазір оқып жатыр

Сауд Арабиясына жасалған шабуыл кезінде 12 адам қаза тапты: Қазақстан СІМ мәлімдеме жасады

СІМ ғимараты

Шымкентте Қайрат Нұртастың концертін ұйымдастырған адам ұсталды

.

Қазақстандықтар такси шақыра алмай жатыр: «Яндекс Go» жұмысында ақау шықты

такси

Қайрат Нұртастың концертіндегі дүрбелең: ұйымдастырушылар полицияға жеткізілді

ұрлық