USD
USD
USD

Үкімет Qarmet компаниясына $1,3 млрд бөледі

Үкіметте ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен кеңесте Qarmet компаниясының ағымдағы жұмысы мен кәсіпорынды одан әрі дамытудың өзекті мәселелері қаралды.

Үкімет Qarmet компаниясына $1,3 млрд бөледі
Фото: NEGE.kz

Астана, NEGE. Орталық мемлекеттік органдардың бірінші басшылары және жаңа инвестордың қатысуымен кәсіпорынның операциялық процестерін тұрақтандыру, оны қажетті шикізатпен қамтамасыз ету, сондай-ақ бірқатар құқықтық рәсімдерді жүргізу шаралары талқыланды.

Одан бөлек, комбинат жабдықтарын жаңғыртуды, заманауи өндіріс технологияларын енгізуді және өнеркәсіптік қауіпсіздік стандарттарын арттыруды көздейтін инвестициялық бағдарламаны іске асыру мәселелері қаралды. Атап айтқанда, бірінші кезеңде осы мақсаттарға шамамен $1,3 млрд жеке инвестициялар бөлінетін болады.

Премьер-Министр кәсіпорын жұмысшылары алдындағы барлық міндеттемелерді уақтылы орындау қажеттігін атап өтті. Үкімет басшысы осыған орай, өндірісті одан әрі серпінді дамытудың, шығарылатын өнім көлемін ұлғайтудың және анықталған экологиялық заңнама талаптарын бұзушылықтарды кезең-кезеңімен жоюдың маңыздылығын атап өтті.

Талқылау қорытындысы бойынша Әлихан Смайылов орталық мемлекеттік органдарға ағымдағы мәселелерді шешуде кәсіпорынға қажетті қолдау көрсетуді және инвестормен бірлесіп, Qarmet-ті дамытудың әрбір бағыты бойынша нақты іс-қимыл жоспарын әзірлеуді тапсырды.

Қазір оқып жатыр

Оңтүстік Кореяда Alatau City-де ірі жобаларды іске асыру мүмкіндігі талқыланды

Alatau City бойынша келіссөздер

«Біз одан шарап ішеміз»: Кенесарының бас сүйегі туралы айтқан қырғыз студенттері кешірім сұрады

Қырғызстандық студенттер

Жанжал кезінде газ тапаншасынан оқ атқан Астана тұрғыны 5 жылға сотталды

тапанша

Іле-Балқаш резерватына бір үйір құлан жіберілді

Іле-Балқаш резерватына жіберілген құландар