USD
USD
USD

Үкімет отставкаға кетті

Қырғызстанда Садыр Жапаров жетекшілік еткен үкімет отставкаға кетті. Өйткені ол мерзімінен бұрынғы президент сайлауында жеңіске жеткен еді. Бұл туралы inbusiness.kz хабарлады. 

Үкімет отставкаға кетті
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Жогорку Кенеш төрағасы Талант Мамытов «Қырғыз Республикасы премьер-министрі мен Қырғыз Республикасы үкіметінің өкілеттігін тоқтату туралы» жарлыққа қол қойды», – деп жазылған ресми мәлімдемеде. Мамытовтың айтуынша, Жапаров 10 қаңтардағы президент сайлауының ресми қорытындысы жарияланғаннан кейін министрлер кабинетінің басшысы қызметінен кету туралы өтініш берген. Жапаров 79,2% дауыс жинап, бірінші турда жеңіске жеткен еді. Ресми дерек бойынша, президенттің жарлығымен үкімет мүшелері заңнамаға сәйкес министрлер кабинетінің жаңа құрамы құрылғанға дейін өз міндеттерін атқарады. Премьер-министрдің міндеті әзірге Артем Новиковқа жүктелді. Қырғызстандағы президент сайлауы 10 қаңтарда өтті. Орталық сайлау комиссиясының мәліметіне сәйкес, Жапаровқа 1,1 миллионнан астам адам, яғни учаскелерге келгендердің 79,2%-ы дауыс берген.

Қазір оқып жатыр

Мешітте балаларды ұрған ұстазға қатысты қылмыстық іс қозғалды

Мешіт ұстазы

Көршісі ұрып, кейін өзі арыз жазған: әнші BikaBreezy ақталды

Bikabreezy

Каспийдегі сарбаздардың қазасы: әскери-теңіз күштерінің бұрынғы бас қолбасшысы Қанат Ниязбеков қамауға алынды

Қанат Ниязбеков

Армения парламентінде жанжал шығып, депутаттар төбелесті

Армения депутаттары