USD
USD
USD

Үкімет көмір жеткізу тізбегіндегі өнімсіз делдалдарды жою жұмыстарын бастады

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Роман Склярдың төрағалығымен коммуналдық көмірге баға белгілеу мәселесі қаралды, деп хабарлайды primeminister.kz.

Үкімет көмір жеткізу тізбегіндегі өнімсіз делдалдарды жою жұмыстарын бастады
Фото: NEGE.kz

Астана. NEGE. Көмірді тауар биржасы арқылы өткізу бойынша пилоттық жобаның нәтижесі талқыланды. Бұл механизм өзінің тиімділігін көрсетті – делдалдардың саны қысқарды, бөлшек сатушылардың көмір кеніштерінің ресурстарына тікелей қол жеткізуі қамтамасыз етілді.

Көмір құнына оңтайлы баға белгілеуді қамтамасыз ету мақсатында Үкімет өнімсіз делдалдарды шеттету жұмыстарын бастады.

Индустрия және инфрақұрылымдық даму, сауда және интеграция министрліктері мен Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі халықты көмірмен қамтамасыз ету тізбегіндегі қажетсіз байланыстарды жою және тауар биржасы арқылы сатылатын көмір көлемін кезең-кезеңімен ұлғайту шараларын әзірлеуде. Бұл жұмыс Үкіметтің ерекше бақылауында.

Қазір оқып жатыр

Жаңа оқу жылы: Қазақстан мектептеріндегі өзгерістер қандай?

оқушылар

Атырау облысында 12 мың орындық 7 жаңа мектеп пайдалануға берілді

Атырау облысы жаңа оқу жылы

Ресей «Байқоңыр» мен әскери полигондарды жалға алғаны үшін Қазақстанға 64,8 млрд теңге төлейді

«Байқоңыр» кешенін жалдау ақысы

Қазақстандықтарға «неке мерзімін ұзарту» туралы жалған хабарлама тарады

хабарлама