USD
USD
USD

Үкімет қырыққабат мәселесін шешетін болды

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Роман Склярдың жетекешілігімен Түркістан облысының ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерді қолдау мәселесіне қатысты селекторлық жиын өтті.

Үкімет қырыққабат мәселесін шешетін болды
Фото: NEGE.kz

Өңірлердің әкімдіктеріне Түркістан облысындағы қырыққабатты жаппай сатып алу туралы тапсырма берілді.

Алматы, NEGE. Отырыс қорытындысы бойынша Үкімет резервінен зардап шеккен фермерлерге екінші көктемгі егіс жұмыстары үшін 1,6 млрд теңге несие бөлу туралы шешім қабылданды.

Сондай-ақ облыстардың, Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларының әкімдіктеріне әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар есебінен қаражатты Түркістан облысының фермерлерінен ерте пісетін қырыққабатты сатып алуға жұмсау туралы тапсырма берілді.

Естеріңізге сала кетсек, Түркістан облысында 10-сәуірде басталған ерте пісетін қырыққабатты жинау науқаны мамыр бойы жалғасады. Фермерлер егістен 300 мың тонна көлемінде өнім алуды жоспарлап отыр.

Төтенше жағдай кезеңінде ауылшаруашылығы тауарларын өндірушілер өз өнімдерін өткізуде бірқатар проблемаларға тап болды. Олар қырыққабат өнімдерін ТМД елдеріне жөнелтуді жоспарлаған еді, алайда, дүкендер мен базарлардың жабылуына байланысты, аталмыш өнімге деген сұраныс азайды. Осыған орай, Премьер-Министр Асқар Мамин зардап шеккен фермерлерге қолдау көрсетуді тапсырды.

 

Қазір оқып жатыр

«Соңғы нәтиже сын көтермейді»: Скотт Манн ұлттық құраманың ойынына қатысты үн қатты

Скотт Манн мен Джон ван ’т Схип/kff.kz

Қарашадағы жиналыс. «Алтыналмас» НЕГЕ дайындалып жатыр?

Almas

Отбасы банк қарызды өтеу үшін несие беруді уақытша тоқтатты

Отбасы банк

Қырғызстанның бұрынғы президентінің ұлы 4 жылға сотталды

Қадырбек Атамбаев